Accessibility links

Хаменеи: Ядролық келісім қайта қаралса оны өртеуге дайынмын


Аятолла Әли Хаменеи, Иран рухани көсемі.

Аятолла Әли Хаменеи, Иран рухани көсемі.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи егер АҚШ-тың келесі президенті Тегеранның әлемдік державалармен жасасқан ядролық келісімі талаптарын қайта қараса онда келісімді "отқа лақтыруға" дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан түсуге үміткер Дональд Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімді "апат" деп бағалап, оны қайта қарауға уәде еткен.

Әли Хаменеи сонымен қатар АҚШ-ты Иранның банк пен сақтандыру салаларына салған санкцияларын жоймай отыр деп айыптаған. "Америкалықтар өз міндеттемелерінің маңызды тұсын орындамады" деген Хаменеи.

Иранда барлық мемлекеттік маңызы бар мәселеде түпкілікті шешімді рухани көсем қабылдайды.

Халықаралық қауымдастықтың Иранға санкциясы 2015 жылы шілдеде жасалған келісім бойынша жойылған. Келісім бойынша Иран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартқан. Дегенмен, АҚШ салған кейбір санкциялар әлі күшінде болғандықтан көптеген банктер Иранмен жұмыс істесуден қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG