Accessibility links

Мәсімов Ақтөбеде қаза тапқандар отбасыларына барды


Кәрім Мәсімов Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүр. 15 маусым 2016 жыл.

Кәрім Мәсімов Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүр. 15 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін қарулы шабуылдан қаза тапқандардың үйлеріне барды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Мәсімов қаза тапқан Мерхан Тәжібаев, Михаил Матросов, Николай Онищенко мен Андрей Максименконың отбасыларына кіріп, туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтқан.

Мәсімов Ақтөбеге бүгін барған. Сапар барысында ол қалалық жедел жәрдем емханасына барып, ондағы жаралыларға кіріп шықпақ және қарулы шабуыл жасалған Ұлттық гвардияның 6655 әскери бөліміне де бармақ.

XS
SM
MD
LG