Accessibility links

Ақтөбе: Жаралы күдіктілер түрме ауруханасына ауыстырылды


Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев.

Ақтөбеде антитеррорлық операцияда жараланған күдіктілер денсаулық жағдайлары қалыпқа түскен соң түрме емханасына ауыстырылды деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығы Әсет Қалиевке сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

Қалиевтің сөзінше, қазір жедел жәрдем ауруханасында екі әскери қызметкер мен күзет фирмасының қызметкері қалған. Тағы бір жаралы облыстық көпсалалы ауруханада жатыр.

Ақтөбеде 5 маусымда бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуылдап, салдарынан ресми мәлімет бойынша сегіз адам қаза тапқан. Шабуылдан кейінгі терроризмге қарсы арнайы операциялар барысында 9 күдікті ұсталып, 18-інің көзі жойылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG