Accessibility links

"Еуразия+ОРТ" өзіне қарсы шағымды қанағаттандырмауды сұрады


Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш. АЛматы, 15 маусым 2016 жыл.

Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш. АЛматы, 15 маусым 2016 жыл.

"Қазақстанның бірінші арнасы" қарайтын "Еуразия+ОРТ" компаниясы мен арна жүргізушісі Аймира Шаукентаеваның мүддесін қорғайтын заңгер Максим Мостович бүгін Алматыда өткен алдын ала сот тыңдауында қарағандылық заңгер Нұрхан Жұмабековтің талап-арызына жауабын оқыды. Хатта ол компания мен шаукентаеваның атынан Жұмабековтың талап-арызын негізсіз және заңсыз деп, соттан талап-арызды толықтай қанағаттандырмауды сұраған.

Қарағандыдан Нұрхан Жұмабеков бүгінгі сотқа келген жоқ. Сот хатшысының айтуынша, Жұмабеков "билет салып ала алмаған".

Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш сот отырысын 20 маусымға белгіледі.

Қарағандылық заңгер Нұрхан Жұмабеков бұған дейін "Қазақстанның бірінші арнасы" қарайтын "Еуразия+ОРТ" компаниясының үстінен шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде 100 мың теңге талап еткен. Шағымға телеарна жүргізушісі Аймира Шаукентаеваның эфирде айтқан сөзі - жер мәселесі бойынша митингтерді өткізген адамдарға "ақша төленгені" туралы таратқанхабары себеп болған.

XS
SM
MD
LG