Accessibility links

Клинтон соңғы праймеризде жеңіске жетті


Хиллари Клинтон.

Хиллари Клинтон.

АҚШ президенті сайлауында Демократиялық партия үміткерлері арасында алда тұрған Хиллари Клинтон Колумбия округі бойынша өткен соңғы партия ішілік дауыс беру - праймеризде жеңіске жетті. Клинтонды дауыс берген демократтардың 79 пайызы қолдаған. Оның қарсыласы Берни Сандерс 21 пайыз дауыс жинаған. Осымен демократтарда 1 ақпанда басталып, әр штатта өткен партия ішілік дауыс беру аяқталды.

Берни Сандерс Хиллари Клинтонмен жеке кездескен соң сайлауалды бәсекеден шығудан тағы да бас тартты. Дегенмен екі үміткер де 8 қарашада өтетін президент сайлауында Республикашыл партия атынан түсуге үмітті Дональд Трамптың жеңіске жетпеуіне бар күшін жұмсауға дайын екенін білдірген.

Клинтон негізі шілдеде өтетін Демократиялық партия съезіне қатысатын делегаттардың көбінің қолдауына ие болып үлгерген. Съезде партия атынан президенттікке үміткер анықталмақ. Бірақ дауыс беру кезінде делегаттар өздерінің таңдауын өзгертуі де мүмкін.

Бір апта бұрын АҚШ президенті Барак Обама Клинтонның кандидатурасын қолдаған.

XS
SM
MD
LG