Accessibility links

ОҚО-да 10 мың га жер шегірткеден залалсыздандырылған


Қазақстандағы шегіртке басқан өңірлердің бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы шегіртке басқан өңірлердің бірі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, аймақта 27,6 мың гектар жерді марокко шегірткесі басып, оның 10 мың гектары залалсыздандырылған.

«Егінін шегіртке жеп қойған шаруаларға өтемақы төлене ме, төленбей ме – ол әлі белгісіз» дейді басқарма басшысы.

Облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Темірхан Уәлиханұлы "шегірткені залалсыздандыру кезінде 12 адам уланып, ауруханаға түсті" деп хабарлады. Оның айтуынша, зиянкестерді залалсыздандыру ісімен айналысқан 12 маманның арасында «улы химикаттар кесірінен ауруханаға түсіп, созылмалы ауруларға шалдыққандары да бар».

Темірхан Уәлиханұлы шаруалар шегірткеден зиян көре қоймағанын айтады.

«Егінімізді жеп қойды деген шаруалар аса бір экономикалық зиян шеккен жоқ. Екіншіден, аса қауіпті зиянкестердің ордасына егін егеді. Қолдарында мемлекеттік актісі жоқ» дейді ол.

Оңтүстік Қазақстан облысында сәуірдің соңынан бастап шегіртке қаптай бастаған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG