Accessibility links

Ресей фанаттары ұсталуына байланысты Франция елшісін шақыртты


Лилль қаласындағы ресейлік жанкүйерлер. Франция, 15 маусым 2016 жыл.
Лилль қаласындағы ресейлік жанкүйерлер. Франция, 15 маусым 2016 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігі Францияда футболдан Еуропа біріншілігінде ресейлік футбол фанаттары ұсталған соң Франция елшісін мәселені түсіндіру үшін шақыртып алды. Елшіге Мәскеу ресейлік жанкүйерлерге қатысты "дискриминация жасалды" деп санайтыны және "бұдан ары Ресейге қарсы көңіл-күйді өршіту" екі ел қарым-қатынасына кері әсер ететіні ескертілген.

15 маусымда бұдан бұрын Ресей мемлекеттік думасында сөйлеген сыртқы істер министрі Сергей Лавров француз полициясының ондаған ресейлік фанатты өткен аптада Марсельде болған тәртіпсіздіктерге қатысты деп ұстауын "мүлде көнуге болмайтын оқиға" деп атады.

Франция билігі полиция 14 маусымда Францияның оңтүстігінде ресейлік фанаттар отырған автобусты тоқтатып, 43-ін ұстағанын хабарлаған.

15 маусымда Францияның солтүстігіндегі Лилль қаласында полиция Ресей құрамасының ойыны алдында Марсельдегі қақтығыстарға қатысты деген күдікпен тоғыз ресейлік пен бір украиндықты ұстаған.

Франция билігі 11 маусымда Ресей-Англия құрамалары арасындағы матчтан кейінгі қақтығысқа қатысқан 150-ге тарта ресейліктің "жақсы дайындықтан өткенін" және "шектен тыс зорлық-зомбылыққа дайын болғанын" айтады.

XS
SM
MD
LG