Accessibility links

WADA: Ресейлік спортшыларды допингке тексеру қиын


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

WADA-ның (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің) жаңа есебі бойынша, биыл ресейлік спортшыларды допингке тексеруге жасалған жүздеген әрекет іске аспай қалған. 15 маусымда жарияланған есепте ақпаннан мамырға дейін 736 тест қан сынамасын жинаудан бастап спортшылардың қайда екенін анықтау қиындығы сияқты түрлі себептен тапсырылмай қалғаны айтылады.

Есепте атлеттердің қандай тәсілдермен сынама тапсырудан қашқалақтағаны немесе сарапшы мамандарды алдауға тырысқанына мысалдар келтірілген. Сонымен қатар мамандарға қауіпсіздік қызметінің оларды елден шығарып жібереді деп доқ көрсеткені, ал кеден қызметінің сынамаларды қалай болса солай өткізгені де айтылады.

Екі күннен кейін ресейлік спортшыларды тамызда Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына қатыстыру, я қатыстырмау мәселесі шешілуі тиіс.

WADA 2015 жылы қарашада ресейлік спортшылардың допинг сынағынан өте алмағаны туралы есебін жариялаған соң бұл ел атлеттері жарыстардан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG