Accessibility links

Су ресурстарын басқарудағы әйел құқығын нығайтуды талқылап жатыр


Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы су ресурстарын басқарудағы әйелдер құқығын кеңейтуге арналған аймақтық семинарға қатысушылар. Алматы, 16 маусым 2016 жыл.

Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы су ресурстарын басқарудағы әйелдер құқығын кеңейтуге арналған аймақтық семинарға қатысушылар. Алматы, 16 маусым 2016 жыл.

Алматыда бүгін "Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйел құқығына арналған үш күндік аймақтық семинар басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту" деп аталатын семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Ауғанстанның су ресурстары, ауылшаруашылығы, метеорология сияқты әйелдер аз қызмет ететін салаларындағы әйел сарапшылары, әйел ғалым, инженер, менеджер, саясаткерлер, БҰҰ-ның әйелдер миссиясы өкілдері қатысып жатыр.

Семинарға қатысушылар жиын әйелдердің су ресурстарын басқару салаларына көбірек тартылуын, аталған елдердегі осы салалардағы әйелдердің басын біріктіруді мақсат тұтатынын айтады. БҰҰ-ның әйелдер миссиясы өкілдерінің айтуынша, Африкадағы сияқты кейбір елдерде қарапайым ғана үйге пайдалантын суды әйелдер тасиды, оған көп уақыт, күш жұмсайды. БҰҰ өкілдері су ресурстарын басқаруға әйелдер көбірек араласса олардың пікірлері көбірек естілетінін, гендерлік теңдік те сақталып, өздері де қиналмайтынын айтады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG