Accessibility links

Қызылордада "жарылғыш зат туралы жалған ақпар берген" адам ұсталды


Қызылорданың орталық алаңында тұрған полиция жасағы (Көрнекі сурет).

Қызылорданың орталық алаңында тұрған полиция жасағы (Көрнекі сурет).

Қызылордада полицияға автовокзалға "жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы жалған хабар берген" адам тұтқындалды.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 15 маусым күні кешкі сағат 17:40 шамасында полицияға ұялы телефонмен ер адам қоңырау шалып, автовокзалға "жарылғыш зат қойылғаны" туралы хабарлаған.

Ақпараттан соң автовокзалға полиция барып, аумақты қоршауға алып, автобекеттен ондаған адамды шығарған. Жедел-тергеу тобы ғимарат пен оның айналасын тексергенімен, жарылғыш зат табылмаған.

Полиция жалған ақпарат берді деген күдікпен қаланың 34 жастағы тұрғыны ұсталып, "терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

Қылмыстық кодекс бойынша, бұл бап бойынша айыпты деп танылғандарға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG