Accessibility links

Путин Еуропа комиссиясы президентімен кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Санкт-Петербург экономикалық форумында Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкермен кездеседі. 15 маусымда Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков кездесуде Ресей мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынас, Ресейге салынған санкциялар мен Мәскеудің оған қарсы шаралары, Еуропа Одағындағы мигранттар дағдарысы болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Путин мен Юнкер сонымен қатар Сирия мен Украинадағы қақтытыстарды тоқтату жөніндегі тоқтап қалған бейбіт келіссөз жайын да талқылауы да ықтимал. Тараптар энергетикалық мәселелер, оның ішінде "Солтүстік ағын-2" құбыр жобасын және Ресей мен ЕО арасындағы энергетикалық диалогты қайта бастауда сөз етуі мүмкін.

Юнкермен кездесуден соң Путин БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесіп, терроризммен күрес, Сириядағы жағдай және Украина дағдарысын реттеу жайын талқыламақ.

XS
SM
MD
LG