Accessibility links

Министрлік оқушы қыз қазасынан соң балалар лагерлерін тексермек


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ақмола облысындағы балалар лагерінде жасөспірім қыздың қаза тапқан оқиғадан соң Қазақстанда балалар лагерлерінің барлығы тексеріледі деп мәлімдеді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Субханбердина кәмелетке толмағандар мен олардың құқығын қорғау ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында.

Субханбердина Ақмола облысындағы сауықтыру лагерінде жетінші сынып оқушысының қаза тапқан оқиғасы президент әкімшілігінің бақылауында екенін айтты.

15 маусымда Ақмола облысының Щучинск қаласына жақын "Арман" лагерінде жетінші сынып оқушысы Анна Маликова жарақаттанып, қайтыс болған. Ол ауруханаға апара жатқанда көз жұмған. Полиция алдын ала болжам бойынша Маликова "денесінің маңызды тұсына әйнек сынығы тиіп жараланып" қайтыс болған дейді.

Эльмира Субханбердинаның сөзінше, оқиға асханада өзге балалардың көз алдында болған. Ол комиссия лагердің қауіпсіздік талаптарына сай екенін тексеруі тиіс дейді. Лагерь Ақмола облысының Бурабай ауданы аумағында орналасқанымен, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының қарамағында.

XS
SM
MD
LG