Accessibility links

ІІД: "Саентология шіркеуіне" тиесілі ұйым басшылары тергеліп жатыр


Алматы полицейлері (Көрнекі сурет).

Алматы полицейлері (Көрнекі сурет).

Алматы полициясы қаладағы "Алматы қаласының өзін-өзі жетілдіру орталығы" қоғамдық бірлестігі басшыларына қатысты "алаяқтық жасау" айыбы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ішкі істер департаменті хабарлады. Бұл қоғамдық бірлестік 2012 жылы дін істері жөніндегі агенттік діни ұйым мәртебесінен айырған "Саентология шіркеуіне" тиесілі.

Департамент бірлестікке қатысты тергеу бұл ұйымның бұрынғы жақтастарының бірлестік басшылары үстінен "сенімін теріс мақсатта пайдалану арқылы ірі көлемде қаржы жымқырды" деп шағым жасауы себеп болды дейді.

Полицияның мәліметінше, 13 маусымда бірлестік кеңсесі мен оның басшыларының тұрғылықты жерлерінде сот санкциясы бойынша тінту жасалып, "заттай айғақтар" тәркіленген.

XS
SM
MD
LG