Accessibility links

Астана әуежайында әскери ұшақтың дөңгелегі жарылды


Астана әуежайы (Көрнекі сурет).
Астана әуежайы (Көрнекі сурет).

Астана әуежайына қонған Ту-134 әскери ұшағының екі дөңгелегі жарылды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы Жанар Колбачаеваның айтуынша, оқиға бүгін түскі сағат 13:37 шамасында ұшақ әуежайға қонатын кезде болған. Ұшақ қонған кезде сол жақ шассиінің пневматикалық екі дөңгелегі жарылып кеткен. Ұшақта барлығы төрт дөңгелек бар. Колбачаеваның сөзінше, оқиғадан экипаж зардап шекпеген және ұшақ зақымданбаған. Оқиғадан бір сағаттан соң ұшақ дөңгелегі қалпына келтірілген.

Ресми алдын ала мәлімет бойынша, дөңгелектің жарылуына қону жолағында жатқан бөтен зат себеп болған.

XS
SM
MD
LG