Accessibility links

Бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігі басшысы Франциядан шығарылады


Александр Шпрыгин, бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігінің басшысы
Александр Шпрыгин, бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігінің басшысы

Бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігінің басшысы Александр Шпрыгин футболдан Еуропа біріншілігі кезіндегі қақтығыстардан соң Франциядан шығарылады. Франция территориясынан жақын күндері Шпрыгиннен өзге "қауіпсіздік тұрғысында" тағы 20 ресейлік шығарылмақ.

Шпрыгин мен тағы 40-тан астам адам 14 маусымда Лиль қаласына бара жатқан автобуста Марсельде 11 маусымда Ресей-Англия құрамалары арасындағы матчтан кейін болған қақтығыстардан соң ұсталған. 16 маусымда Франция соты 11 маусымдағы қақтығыстарға қатысты деп үш ресейлік фанатты екі жылға соттады.

Ресей фанаттарының ұсталғанына наразылық білдіріп, Франция елшісін сыртқы істер министрлігіне шақыртқан.

Бүкілресейлік жанкүйерлер бірлестігі ресейлік фанаттарды біріншілікке апаруды ұйымдастырып, чартерлік рейс шығарған. Шпрыгин Ресейдің әсіреұлтшыл Либеральды-демократиялық партиясына (ЛДП) жақын және Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері, ЛДП жетекшісі Владимир Жириновскийдің ұлы Игорь Лебедевтің көмекшісі.

Францияда біріншілік басталғна алғашқы аптада барлығы 320 адам ұсталып, олардың 196-сы қамалды, сегіз адам түрмеге жабылып, 24-і елден шығарылды.

XS
SM
MD
LG