Accessibility links

Азамат Тәжаяқов АҚШ-тан Қазақстанға оралды


Қазақстандық Азамат Тәжаяқов (сол жақта) пен Диас Қадырбаев.

Қазақстандық Азамат Тәжаяқов (сол жақта) пен Диас Қадырбаев.

АҚШ-та 2013 жылы Бостон марафонындағы терактіге қатысты істің әділ өтуіне кедергі келтірді деген айыппен үш жарым жылға сотталған қазақстандық Азамат Тәжаяқов Қазақстанға оралды.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Тәжаяқов түрме жазасы аяқталған соң депортацияланып, Алматыға 16 маусымда жеткізілген.

2013 жылы 15 сәуірде Бостон марафоны кезінде болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Жарылыстарды жасады деп айыпталған Джохар Царнаев өлім жазасына кесілген.

Бостондағы терактіні тергеуге кедергі келтірді деген айыппен қазақстандық тағы бір студент Диас Қадырбаев та 2015 жылы маусымда алты жылға отталған. Айыптау қорытындысы бойынша, Қадырбаев Федералдық тергеу бюросы таратқан жарылысты ұйымдастыруға күдіктілердің суретінен Царнаевты таныған соң Царнаевтың бөлмесінен оның заттарын алып шыққан.

XS
SM
MD
LG