Accessibility links

Лукашенко: Беларусь жаңа зымыран кешенін сынады


Александр Лукашенко, Беларусь президенті.

Александр Лукашенко, Беларусь президенті.

Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елі жаңа зымыран жүйесін сынақтан "сәтті" өткізгенін мәлімдеді. Минскіде премьер-министр Андрей Кобяков пен Ұлттық банк басшысы Павел Калаурмен кездескен Лукашенко беларусь әскери мамандары "өте аз қаржыға" жаңа зымыран жүйесін жасап шыққанын айтты.

"Бүгін біз үшін қауіпсіздігіміз бен қорғанысымыз тұрғысынан алғанда қуанышты күн. Зымыран кешендерін сынадық. Сынақ ретінде атылған екі зымыран да нысанаға жақын тиді" деді Лукашенко. Ол сынақ нәтижесі "тамаша" болғанын және зымыран кешендері Беларусьте екі жыл ішінде жасалғанын айтты.

Лукашенко зымыран кешеніне қатысты өзге егжей-тегжейлі ақпарат айтпады. Ол Кобяковқа жаңа қаруды жасағандарды марапаттауды тапсырды.

XS
SM
MD
LG