Accessibility links

Алматы көшелерінде су басудан қозғалыс қиындады


Жаңбырдан кейінгі Алматы. Алматы, 17 маусым 2016 жыл.
Жаңбырдан кейінгі Алматы. Алматы, 17 маусым 2016 жыл.

Алматы қаласында бүгін нөсер жауын салдарынан қаланың кейбір көшелерін су басып, көлік қозғалысы қиындады.

Қаланың жоғарғы жағындағы Әл-Фараби даңғылы бойының Достық, Сейфуллин даңғылдары, Есентай өзені арасында су жиналып, көлік қозғалысын қиындатқан.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Азаттыққа Алматыда кешеден бері тұрғындарға қала өзендерінде су тасу қаупі барын ескерткен хабарлама жіберілгенін айтты. "Төтенше жағдайлар қызметіне кеше, 16 маусымда Алматыда елуден астам үй мен ауланы су басқаны туралы қоңырау шалынды. Су басқаны туралы хабарламардың көпшілігі Алатау ауданынан, оның ішінде Шаңырақ, Айгерім, Алғабас ықшамаудандарынан түсті. Кейбір мекен-жайдан қоңырау бірнеше рет қайталанып шалынғандықтан, нақты 20-дан астам ауланы су басқаны белгілі болды. Су басу салдарын төтенше жағдай қызметі, құтқару қызметі мен аудандық әкімдіктер жойып жатыр" деді департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

XS
SM
MD
LG