Accessibility links

AI: Қазақстан азаптауға кінәлілерді жауапқа тартуға салғырт қарайды


Amnesty International құқық қорғау ұйымының белгісі.

Amnesty International құқық қорғау ұйымының белгісі.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанда полиция мен түрме қызметкерлерінің азаматтарды азаптап, қатыгездік танытқаны туралы арыз-шағымдарды «билік тыңғылықты тексермейді, кінәлілер көбіне жауапқа тартылмайды» деп мәлімдеді.

Жұма күні жарияланған БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне AI жолдаған хатта Қазақстанда мұндай жағдай полиция мен прокуратура мүдделерінің тоғысатындығынан, сонымен қатар «азапты өткерген жан шындықты айтпайды» деген жалған сенімге байланысты қалыптасып отырғаны жазылған. Құқыққорғаушылар хатында азаптауға ұшырағандарды қорғау ісімен айналысатын адвокаттар да түрлі кедергілерге тап болып, оларға қысым жасалатыны айтылған.

Amnesty International сонымен бірге Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік мүддесін қорғау деген желеумен немесе ілікке себеп болатын әкімшілік сылтаумен тәуелсіз жаңалықтар сайттарын жабу және жекелеген жарияланымдарды бұғаттау арқылы сыни пікір айтушылардың үнін өшіруге бағытталған іс-әрекеттердің жалғасып келе жатқаны, жекелеген журналистер мен редакторлар қудалауға түсетіні туралы жазған.

АІ елде азаматтардың жиналу еркіндігі қатты шектеліп отырғанын да атап көрсеткен. Қазақстанда соңғы уақытта жер реформасына қарсылық білдірген бейбіт шерулерді тоқтату үшін билік әкімшілік қамау шарасын қолданды деп мәлімдеген халықаралық құқық қорғау ұйымы.

XS
SM
MD
LG