Accessibility links

Қырғызстанның Киров су қоймасында су шекті деңгейге тақаған


Қырғызстандағы Киров су қоймасы.

Қырғызстандағы Киров су қоймасы.

Соңғы күндері жауған нөсер салдарынан Қырғызстандағы Киров су қоймасындағы су мөлшері шекті деңгейге жетіп қалған. Бұл туралы су қоймасы орналасқан Талас облысындағы төтенше жағдайлар қызметі өкілдері айтып отыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Талас облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың маманы Таалай Қасеновтың мәліметінше, 550 миллион текше метр суға арналған Киров су қоймасында қазіргі кезде су көлемі 546 миллион текше метрге жеткен. Төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында мамандар су қоймасынан 194 миллион текше метр су ағызу қажет деп тапқан.

Таластағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, су қоймасына жақын орналасқан егістік алқаптарын су басқан. Тасқын су қаупінен тұрғындар үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болған.

Бұған дейін тасқын салдарынан Талас облысында екі көпір бұзылып, Талас-Тараз автокөлік жолының бір бөлігін су алып кеткені хабарланған.

XS
SM
MD
LG