Accessibility links

HRW: ЦРУ-дің қатысы бар азаптау оқиғаларына тергеу жүргізу керек


Human Rights Watch құқыққорғау ұйымының белгісі.

Human Rights Watch құқыққорғау ұйымының белгісі.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқыққорғау ұйымы АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) тұтқындарды азаптағаны туралы жақында жарияланған құжаттарда «жанды үркітетін» жаңа деректер бар деп мәлімдеді. Құқыққорғаушылар тергеу барысында тұтқындағыларға тыйым салынған әдістерді қолдануға қатысы бар лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуға шақырып АҚШ президенті Барак Обамаға хат жолдады.

Құжаттарда ЦРУ ұстап, жауап алған ауғанстандық Гүл Рахманның қазасына қатысты жаңа деректер келтірілген. ЦРУ тергеу кезінде тұтқынды азаптап, жартылай жалаңаш күйде тастай суық камерада бетон еденде қалдырғаннан кейін Рахманның қаза болғаны жайлы ақпарат бұған дейін көпшілікке жарияланған. Ал жаңадан ашылып отырған құпия деректерде тұтқынның қазасына қатысты ішкі тергеу жүргізгендер Рахманның өзін ажалына жауапты етіп көрсетуге тырысқаны айтылған. Осыған байланысты құқыққорғаушылар ЦРУ-дің азаптауға қатысты ұстанымын сынға алған.

Осыған дейін құпия болып келген құжаттарда ЦРУ-дегі азаптауға қатысты бұған дейін 2014 жылы жарияланған АҚШ сенаты барлау комитетінің есебі және өзге де материалдарды толықтыратын деректер бар. Азаптауға қатысты заңсыз іс-әрекеттерді тоқтатудың ең тиімді әдісі - оларға қатысты қылмыстық тергеу істерін қайта бастау деп санайды Human Rights Watch.

XS
SM
MD
LG