Accessibility links

Британ парламенті мүшесінің өліміне күдіктіге сот басталды


Қастандық құрбаны болған саясаткер Джо Кокстің суреті, гүлдер мен шырақтар. Лондондағы парламент алаңы, 16 маусым 2016 жыл.

Қастандық құрбаны болған саясаткер Джо Кокстің суреті, гүлдер мен шырақтар. Лондондағы парламент алаңы, 16 маусым 2016 жыл.

Ұлыбританияда бүгін парламент мүшесі Джо Коксті өлтіруге қатысты іс бойынша басталған сотта қылмысқа күдікті 52 жастағы Томас Мейр өз аты-жөнін атауды сұраған судьяға: «Менің есімім – сатқындарға - өлім, Британияға - бостандық» деп жауап берген.

Лейбористік партияның өкілі 41 жастағы Джо Коксті маусымның 16-сы күні Батыс Йоркширдегі Бирстолиде әуелі қарудан атып, кейін бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Бұл қылмысқа жалғыз күдікті ретінде жергілікті тұрғын Томас Мейр ұсталған. Оған кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, қылмыс жасау мақсатында атыс қаруын сақтау және адам өлтіретін қару ұстау тәрізді айыптар тағылған.

Қарулы қылмыс Ұлыбританияда елдің Еуропа одағына мүше болғаны жөн бе, әлде одан шыққаны дұрыс па деген сауал төңірегінде маусымның 23-іне белгіленген референдум алдындағы саяси науқан өтіп жатқан кезде жасалған.

Саясаткер Джо Кокс Ұлыбритания Еуропа одағы құрамында болуы тиіс деген ұстанымда болған.

XS
SM
MD
LG