Accessibility links

Бельгия прокуратурасы үш адамға терроризм айыбын тақты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бельгия прокуратурасы үш адамға террористік қызметке қатысы жайлы ресми айып тақты.

Бельгия қауіпсіздік күштері сенбіге қараған түні елдегі 16 муниципалитетте, негізінен Брюссель және оның төңірегінде жүргізілген арнайы шара барысында «террорлық шабуылдар жасауға дайындалған» деген күдікпен 12 адамды ұстаған еді. Тоғыз адамды кейін босатқаны хабарланды.

Бельгия федералдық прокуратурасы операция барысында қару-жарақ пен жарылғыш заттар табылмағанын мәлімдеген. Елдің терроризмге қарсы күрес қызметі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Бельгия мен Францияда шабуылдар ұйымдастыруы мүмкін деп ескерткен.

Бұған дейін бельгиялық баспасөз құралдары діни экстремистер Брюссельдегі футбол ойыны кезінде шабуыл жасауды жоспарлаған деп хабарлаған еді.

Биыл 22 наурызда Брюссель әуежайы мен метросына жасалған террорлық шабуылдар салдарынан 32 адам қаза тауып, 250 адам зардап шеккен. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы ол шабуылдарға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG