Accessibility links

Шойгу Сирияда президент Башар Асадпен кездескен


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирияға жұмыс сапары кезінде сол елдің президенті Башар Асадпен кездескен. Бұл туралы сенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Кездесуде екі елдің қорғаныс министрліктерінің әскери және әскери-техникалық әріптестігінің өзекті мәселелері, сонымен бірге Сирия аумағындағы террористік топтарға қарсы күрес аясындағы өзара іс-қимылдың жекелеген жайттары сөз болды» делінген Ресей қорғаныс министрлігі ақпаратында.

Бұған дейін сенбі күні Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал Игорь Конашенков министр Шойгудың Сирияға сапары барысында сол елдегі Хмеймим әуе базасындағы ресейлік әскерилердің қызмет жағдайымен танысқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG