Accessibility links

Италияда 126 қалада азаматтар мэр сайлауына дауыс беріп жатыр


Италия премьер-министрі Маттео Ренци.
Италия премьер-министрі Маттео Ренци.

Италияда бүгін 126 қалада, солардың арасында ел астанасы Римде де мэр сайлауының екінші туры өтіп жатыр. Маусымның 5-і күні өткен дауыс беру нәтижесі бойынша, кандидаттардың ешқайсысы сайлаудың бірінші турында жеңіске жетуге қажетті мөлшерде - 50 пайыздан асатын дауыс жинай алмаған.

Рим мэрі сайлауына түсіп жатқан оппозициялық «Бес жұлдыз қозғалысы» (M5S) өкілі 37 жастағы Вирджиния Раджи осы сайлауда жеңіске жетсе, бұл қызметке сайланған тұңғыш әйел болмақ. Оның бәсекелесі Роберто Джакеттиге бірінші турда сайлаушылардың 25 пайызға жуығы, ал Раджиге – 35 пайызы қолдау танытқан. Джакетти – Италия премьер-министрі Маттео Ренци басқаратын биліктегі демократиялық партия өкілі

Бүгінгі дауыс беруге қатысуға тоғыз миллионға жуық сайлаушы тіркелген.

XS
SM
MD
LG