Accessibility links

Қырғызстанда ұл баланы зорлаған деген күдікпен имам ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда Жалалабад облысының Созақ ауданындағы жергілікті мешіттердің бірінде имам болып істейтін 58 жастағы ер адам 10 жастағы ұл баланы зорлаған деген күдікпен ұсталды деп хабарлады бүгін Азаттықтың Қырғыз қызметі. Ақпаратта дін қызметкерін ұстауға жәбірленген баланың анасы берген арыз негіз болғаны айтылған. Әйел арызда өз үйімен көрші тұрған имам балаға әр жолы 50 сомнан беріп, екі ай бойы зорлық жасап келгені туралы жазған.

Балаға жүргізілген медициналық сараптама оған зорлық жасалғанын анықтаған, күдікті кінәсін мойындаған деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

XS
SM
MD
LG