Accessibility links

Көкшетау маңындағы қорымнан көне жәдігерлер табылған


Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жеріндегі археологиялық қазба барысында табылған көне намазхана. (Көрнекі сурет.)

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жеріндегі археологиялық қазба барысында табылған көне намазхана. (Көрнекі сурет.)

Қазақстандық археологтар Ақмола облысы Зеренді ауданының Кеңөткел ауылы маңында жүргізілген қазба жұмыстары барысында біздің дәуірімізге дейінгі 7-ғасырға жататын алтын сырға мен түйреуіш табылғаны жайлы мәлімдеді. Жергілікті баспасөз құралдарына берген сұхбатында археологтар ерте темір дәуіріне жататын көшпенділер қорымынан жасөспірім қыздың моласын тапқанын айтқан.

«Табылған заттардың көбі Еуразия археологиясында сирек кездесетін жәдігерлер. Қорымнан табылған жебе ұшы біздің дәуірімізге дейінгі 7-ғасырда тараған, бұлар алғашқы көшпенділер болған, оларды ерте сақ мәдениеті өкілдеріне жатқызып отырмыз» деген «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сұхбатында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының аға оқытушысы Серғазы Сәкенов.

Оның айтуынша, қорымнан тағы бір құнды жәдігер – алтын жалатылған сырға шыққан. «Оған алтын жапырақшаларға бекітілген әйнек моншақтарды тізген, сонымен бірге өте сирек кездесетін алтын жалатылған түйреуіш табылды, бұған да алтынмен апталған әйнек моншақтар тізбектелген» дейді Серғазы Сәкенов.

XS
SM
MD
LG