Accessibility links

Штайнмайер: НАТО соғысқа арандатып отыр


Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия сыртқы істер министрі.
Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия сыртқы істер министрі.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер НАТО-ның Шығыс Еуропадағы әскери жаттығуларын сынап, оны "соғысқа арандату" деп атады. "Қазір біз қаруымызды көрсетіп, жер тарпып жағдайды шиеленістіруден тартынғанымыз жөн" деді Штайнмайер немістің Bild am Sonntag басылымына берген сұхбатынды. Оның сөзінше, альянс ішіндегі қауіпсіздікті шығыс шекарада танктер шеруін өткізу арқылы күшейтуге болады деу" қате.

НАТО Эстония, Латвия, Литва және Польшаға осы елдер биліктерінің Ресей басқыншылығына алаңдауын азайту үшін жаңа батальондар орнатып жатыр. 16 маусымда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Мәскеу "әскери тәсілдер арқылы ықпал ету аймағын құруға" ұмтылатынын және НАТО құрамындағы елдермен шекарасында "жаппай қаруланып" жатқанын мәлімдеген.

Ресей НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюіне қарсы шығып, өз шекарасына жақын маңдағы кез-келген әскери күшею әрекетіне жауап қайыратынын мәлімдеген. Келесі айда Варшавада НАТО саммиті өтеді. Онда Балтық бойы елдері мен Польшаға жаңа әскер орналастыру ресми түрде мақұлданады деп болжанып отыр.

XS
SM
MD
LG