Accessibility links

Қазақстан билігі Карелиядағы оқушылар қазасына көңіл айтты


Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресейдің Карелия республикасында оқушы балалардың суға батып қаза болуына байланысты Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевке көңіл айтты. Көңіл айту Мәсімовтің Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі де Twitter-дегі парақшасында Ресейдің Астанадағы елшілігі мен ресейліктерге оқушылар қазасына байланысты көңіл айтқан.

19 маусымда Карелияда жазғы лагерде демалып жатқан балалар көлде қайықпен жүзіп жүргенде дауыл тұрып, суға батқан. 14 адам, оның ішінде 12-15 жастағы 13 бала мен бір инструктор қаза тапқан. 20 маусым Карелияда қаралы күн деп жарияланды.

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, 47 бала мен төрт инструкторы бар топ дауыл тұруы мүмкін екенін ескермей үш қайықпен көлге жүзуге шыққан. Дауыл кезінде қайықтардың бірі аударылған.

XS
SM
MD
LG