Accessibility links

Кабулде шағын автобус жарылып бірнеше адам қаза тапты


Кабулдегі жарылыс болған жерден шағын автобусты әкетіп барады. Ауғанстан, 20 маусым 2016 жыл.

Кабулдегі жарылыс болған жерден шағын автобусты әкетіп барады. Ауғанстан, 20 маусым 2016 жыл.

Кабулде бүгін непалдық қауіпсіздік күштерін тасымалдап бара жатқан шағын автобус жарылып, бірнеше адам қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, шабуылдан бірнеше адам қаза тауып, кем дегенде екі адам жараланған.

Полицияның ақпаратына қарағанда, шағын автобусты жанкешті жарған.

Өткен айда Кабул маңында әділет министрлігінің қызметкерлерін алып келе жатқан автобусқа, 1 маусымда Газни қаласының орталығында сот ғимаратына шабуыл жасалған. Ол екі шабуылды да "Талибан" қозғалысы өзінің түрмедегі алты содырына өлім жазасын орындағанына кек қайтару ретінде жасағанын мәлімдеп, мойнына алған.

АҚШ таяуда америкалық әскерилердің "Талибанға" қарсы әуе шабуылдарын жүргізу құзыреті кеңейгенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG