Accessibility links

Путин: Асадтың жақын уақытта биліктен кетуі қажет емес


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Сирия үкіметі құрамына оппозиция өкілдерін кіргізу туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді. CNN-ге берген сұхбатында Путин Сирия президенті Башар Асадтың дереу отставкаға кетуіне қажеттілік көріп тұрмағанын айтты. Оның пікірінше, Асадты биліктен кетіру арқылы өзгерістерге қол жеткізуге болмайды.

Ресей президенті Сириядағы демократияны тек жаңа конституция қабылдап, соған сай сайлау өткізгенде сақтап қалуға болатынын айтқан.

Путин Башар Асадтың "Сирияның барлық территориясын қайтаратыны" туралы сөзіне комментарий бермеді. Ресей президенті қақтығысқа қатыстылардың барлығы қатысатын келіссөз жүргізуге шақырып, АҚШ-ты "біздің серігіміз" деп атады.

CNN шолушысы Фарид Закариидің АҚШ-тағы президент сайлауы науқанына қатысты сұрақтарына жауап берген Путин америкалықтар таңдайтын кез-келген жұмыс істесуге дайын екенін айтты. Ол Дональд Трамптың Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты толықтай қалпына келтіру туралы уәдесін оң бағалады.

Ресей президенті Демократиялық партиядан президенттікке түсуден үміткер Хиллари Клинтонмен тікелей жұмыс істесу тәжірибесі жоғын айтты.

XS
SM
MD
LG