Accessibility links

БҰҰ: Әлемдегі әрбір 113-адам - босқын


Жерорта теңізін қайықпен кесіп өтіп бара жатқан босқындар (Көрнекі сурет).
Жерорта теңізін қайықпен кесіп өтіп бара жатқан босқындар (Көрнекі сурет).

2015 жылы әлемде қақтығыс пен соғыстардан 65 миллион адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болды деп мәлімдеді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттік баяндамасында. Бұл сан 2014 жылғы көрсеткіштен алты миллионға артық. 65 миллионның үштен бірінен көбі - босқындар, қалғандары - күштеп көшірілгендер. БҰҰ әлемде бұрын-соңды мұншама босқын болмаған дейді.

Агенттік мәліметінше, әлемдегі әрбір 113-адам босқын саналады. 65 миллион адам - Ұлыбритания, Франция немесе Италияның халық санынан көп. БҰҰ агенттігі босқындардың жартысы Сирия, Ауғанстан және Сомалиден шыққан дейді.

Босқындардың көпшілігі Еуропаның солтүстігіндегі Германия, Швеция сияқты ауқатты елдерге барғанды жөн санайды. Еуропада босқын мәртебесін беру туралы ең көп өтініш түскен де осы елдер саналады.

20 маусым - БҰҰ-ның дүниежүзілік босқындар күні.

XS
SM
MD
LG