Accessibility links

Министр Ыдырысов: Ақтөбедегі шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар


Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 5 маусымда Ақтөбеде болған қарулы шабуылдарға Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының қатысы барын айтты деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

«Біздің анықтағанымыздай, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ДАИШ (ИМ-нің басқаша аталуы - ред.) деп тіркелген топтың Аднани деген басшысы өзінің артынан ергендерге интернет арқылы зорлық-зомбылық жасауды тапсырған» деді Ерлан Ыдырысов бүгін халық алдында есеп берген кезінде.

5 маусымда Ақтөбеде бір топ екі қару-жарақ дүкенін тонап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG