Accessibility links

Ресейлік фанат Шпрыгин Францияда тағы ұсталды


Франциядан депортацияланған Александр Шпрыгин Шереметьево әуежайында. 18 маусым 2016 жыл.

Франциядан депортацияланған Александр Шпрыгин Шереметьево әуежайында. 18 маусым 2016 жыл.

Франция билігі бүкілресейлік футбол жанкүйерлері бірлестігінің жетекшісі, екі күн бұрын Мәскеуге депортациялағаннан Александр Шпрыгинді қайта ұстады. Шпрыгин Тулуза қаласында ұсталған.

Бұған дейін Шпрыгин Twitter-дегі аккаунтында Тулуза қаласының стадионынан Ресей футбол құрамасының Уэльс құрамасымен кездесуі қарсаңында видео салған. Оны 11 маусымда Марсельде ағылшын мен ресейлік фанаттар арасында болған қақтығыстан соң елден шығарған еді.

Шпрыгин өткен аптада 42 ресейлік фанатпен бірге ұсталған. Ұсталғандардың үшеуі екі жылға дейін сотталды. Мәскеу ресейліктердің ұсталғанына наразылық білдіріп, Францияның Ресейдегі елшісін сыртқы істер министрлігіне түсінік беруге шақыртқан.

Б тобындағы Ресей футбол құрамасы Уэльстен 3:0 есебімен ұтылып, Еуропа біріншілігі ойындарынан шығып қалды. Уэльс Б тобында алты ұпай жинап, бірінші орынға шықты. Екінші орында ағылшындар тұр. Ресей құрамасымен тең ойнаған Словакияда бес ұпай бар.

XS
SM
MD
LG