Accessibility links

АҚШ сенаты қару-жарақ саудасын шектеу шараларын қабылдамады


Орландодағы атыс құрбандарына қайғырып тұрған адамдар. АҚШ, 13 маусым 2016 жыл.

Орландодағы атыс құрбандарына қайғырып тұрған адамдар. АҚШ, 13 маусым 2016 жыл.

АҚШ сенаты Орландодағы гей клубқа шабуылдан соң елде терроризммен күресті күшейту аясында қару-жарақ сатуды шектеуге қатысты төрт ұсынысты қабылдамай тастады. Дегенмен, кейбір сенаторлар бұл мәселеде ары қарай ымыраға келу жолдарын іздестіре беретінін мәлімдеді.

Ұсыныстың екеуін Демократиялық партия өкілдері мен екеуін Республикашыл партия өкілдері ұсынған. Сенатқа қару-жарақ сатып алушыларды тексеруді күшейтуді ұсынылғанымен, ол қажетті 60 дауыс жинай алмады. Республикашылдар мен олардың "қару-жарақ лоббиіндегі" серіктері демократиялық заң жобалары тым шектеу мен тыйым салуға құрылған және ол азаматтардың қару-жарақ ұстап жүруіне рұқсат ететін конституциялық құқығын бұзады дейді. Ал демократ сенаторлар республикашылдар ұсыныстарын "өте әлсіз" дейді.

Өткен аптада Орландода қарулы адам гей клубқа шабуыл жасап, 49 адам қаза тауып, 50-ден астам жараланған. Оқ атқан адам - тегі ауғандық Омар Матинді полиция қызметкерлері атып өлтірген. Арнайы қызмет қылмысқа экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымының қатысы мен гомофобия себеп болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG