Accessibility links

Иран Бахрейнге шиит дін қайраткеріне қатысты ескерту жасады


Бахрейндегі наразылық шерулері кезінде аятолла Иса Касемнің бейнесін ұстаған демонстранттар (Көрнекі сурет).

Бахрейндегі наразылық шерулері кезінде аятолла Иса Касемнің бейнесін ұстаған демонстранттар (Көрнекі сурет).

Иран бас әскери қолбасшылығы өкілдерінің бірі Касем Сулеймани Бахрейнге осы елдегі танымал шиит діни қайраткерінің бірі аятолла Иса Касемді азаматтықтан айырудың соңы қарулы күреске ұласып кетуі мүмкін деп ескертті. Бахрейн ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде Иса Касемді өзінің қызметін "шетел мүддесіне қызмет етуге пайдаланады" және "жаулық пен зорлық-зомбылыққа арандатады" деп айыптаған.

Бахрейн билігі Касемнің азаматтықтан айырылғанын хабарлаған соң оның мыңдаған жақтасы Дираз елді мекеніндегі оның үйіне жиналды. Касем Бахрейндегі азшылықты құрайтын шииттердің көбірек азаматтық еркіндік пен саяси еркіндік беруді талап еткен наразылық акцияларын қолдаған. Иранның Ислам революциясын қорғау корпусының қолбасшысы Касем Сулеймани Иса Касемді азаматтықтан айырудың салдары "ауыр болатынын" ескерткен. Ол мұның соңы "қарулы қарсылық" пен басқарушы династияны "құлатуға" ұласу болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Иран сыртқы істер министрлігі Бахрейнге "үкімет пен халықты жалғап тұрған барлық көпірді өртемеуге" және "қазіргі дағдарысты мемлекеттік деңгейде талқылауға" шақырған. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби Вашингтон Бахрейн билігінің шешіміне алаңдайтынын, себебі АҚШ "бұл әрекеттің пайдасы барына қатысты хабардар емес" деп мәлімдеді.

Бахрейнде АҚШ әскери-теңіз күштерінің бесінші флоты орналасқан.

XS
SM
MD
LG