Accessibility links

Мәсімов: Допинг сынағын өткізетін зертхана салу керек


Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.

Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Астанада үкімет отырысында қазақстандық спортшыларды олимпиадаға барар алдында допинг сынағынан өткізетін заманауи зертхана салу керегін айтты.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәсімов Ұлттық олимпиада комитеті мен оның басшысы Тимур Құлыбаевқа допинг сынағын жасайтын зертхана салуды сұраған.

- Біз мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Жақсы зертхана алу үшін мүмкін жекелеген демеушілердің көмегі қажет болар. Ол спортшыларымыз жарыстарға қатысардың алдында осы сынақтан өту үшін, кейін қандай да бір күтпеген жағдайлар болмауы және спортшыларымыз одан өткенде сенімді болуы үшін керек, - деген Мәсімов.

20 маусымда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Пекин олимпиадасы кезінде тапсырылған допинг сынамаларын қайта тексеруде оң нәтиже көрсеткен спортшылар тізімін жариялаған. Тізімде қазақстандық ауыр атлет, 94 килограмм салмақта олимпиаданың алтын медалін алған Илья Ильин де бар. IWF Ильиннен алынған сынамадан станозол табылғанын хабарлады.

Бұған дейін IWF Ильиннің 2012 жылғы Лондон олимпиадасы кезінде алынған сынамасынан допинг табылғанын хабарлаған. IWF жариялаған сынамасыан допнг табылды делінген спортшылар тізімінде Лондонда алтын медаль алған Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зүлфия Чиншанло да бар. Бұл спортшыларды дисквалификациялау және Рио-де-Жанейро олимпиадасы қатыстыру мәселесін таяуда Халықаралық олимпиада комитеті шешеді.

XS
SM
MD
LG