Accessibility links

Нығматулин мәжіліс депутаты болды


Нұрлан Нығматулин.
Нұрлан Нығматулин.

Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі болып келген Нұрлан Нығматулин парламент мәжілісінің депутаты болды деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК).

ОСК Нығматулин сайлау туралы заң және биліктегі "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің қаулысы бойынша депутат болып тіркелгенін айтады. Нығматулин ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты депутаттық мандаты мерзімінен бұрын аяқталған Роман Склярдың мандатын алған.

53 жастағы Нұрлан Нығматулин президент әкімшілігін 2015 жылдың мамырынан басқарған. Бұған дейін ол мәжіліс спикері, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған. Нығматулин бұрын Қарағанды облысының әкімі, транспорт және коммуникация вице-министрі болған.

Президент әкімшілігі жетекшісі қызметіне кім тағайындалғаны әзірге хабарланбады.

XS
SM
MD
LG