Accessibility links

Қарағандыда сібір жарасы жұқты деген екі күдікті науқас көз жұмды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сірет).

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сірет).

Қарағанды облыстық ауруханасына сібір жарасы дертін жұқтырды деген күдікпен түскен Шет ауданының екі тұрғыны қайтыс болды.

20 маусымда ауруханаға аса жұқпалы инфекция түскен деген күдікпен бірнеше науқас жатқызылған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың бүгін Астанада хабарлауынша, 20 маусымда ауруханаға алты адам түскен. Ол әзірге Сібір жарасы деген күдік әзірге нақтыланбағанын айтты. Анализдер зертханаға жіберілген, тексеру қорытындысы әлі шықпаған.

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының екі тұрғыны Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түскені хабарланған.

Сібір жарасы - малдан оны күтіп-бағып, ет өңдегенде жұғатын аса жұқпалы ауру.

XS
SM
MD
LG