Accessibility links

Тәжікстанның бұрынғы ішкі істер министрі бостандыққа шықты


Якуб Салимов, Тәжікстанның бұрынғы ішкі істер министрі. 21 маусым 2016 жыл.

Якуб Салимов, Тәжікстанның бұрынғы ішкі істер министрі. 21 маусым 2016 жыл.

Тәжікстанның бұрынғы ішкі істер министрі, 13 жыл түрмеде отырған Якуб Салимов бүгін бостандыққа шықты.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, Салимовтың ұлы Абубакр Салимов әкесінің қатты қажығанын, өз-өзіне келу үшін біраз ақыт керегін айтады.

Тәжікстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі, Тәжікстандағы азамат соғысында Халықтық майданның бұрынғы командирлерінің бірі болған Якуб Салимов Якуб Салимов 2013 жылы маусымда Мәскеуде ұсталып, "отанына сатқындық жасады", "заңсыз қару сақтады және сатты", "қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген айыптармен 13 жылға сотталған. 2012 жылы жаза мерзімі екі жылға азайтылған.

Тәжікстанда азамат соғысынан соң Якуб Салимов ішкі істер министрі болып тағайындалған. 1997 жылы Салимов Худжанд қаласында президент Эмомали Рахмоновты қастандықтан аман алып қалған. Бұдан соң ол биліктегі ықпалды адамдардың бірі саналған.

Сот шешімі бойынша Салимов барлық әскери атағы мен мемлекеттік наградасынан айырылған.

XS
SM
MD
LG