Accessibility links

Ильин "ауыр атлетикаға қастандық" жайлы айтты


Илья Ильин Лондон олимпиадасында. 4 тамыз 2012 жыл.
Илья Ильин Лондон олимпиадасында. 4 тамыз 2012 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Астанада өзі жаттығып жатқан залда журналистердің допинг дауына қатысты сұрақтарына жауап берді.

"Мүмкін, біз Рио олимпиадасына үлгермеуіміз мүмкін. Мен әлі жаспын, алдағы меже - Токио олимпиадасы. Сондықтан мен жарысқа қайта ораламын. Ауыр атлетикаға қастандық жасалып жатыр. Бұл спортты біреулер олимпиада бағдарламасынан алып тастап, орнына басқа спортты енгізгісі келеді. Мен олимпиадада алған медальдарымды қайтарғым келмейді. Себебі мен оларды таза еңбекпен жеңіп алдым" деді ол.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы осыған дейін Илья Ильиннің Пекин мен Лондондағы олимпиада ойындары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген.

Ал Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті спортшының медалін қайтарып беру және Рио олимпиадасына қатысу мәселесі 27 маусымда Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесінде шешілетінін айтқан.

Ильинге қоса Лондонда алтын алған Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Бұл төрт атлет қазір уақытша жарыстарға қатысудан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG