Accessibility links

АҚШ: Фаллуджаның үштен бірі ғана қайтарылды


Фаллуджаның орталығындағы мешіт. Ирак, 20 маусым 2016 жыл.
Фаллуджаның орталығындағы мешіт. Ирак, 20 маусым 2016 жыл.

АҚШ-тың Ирактағы әскери қолбасшылығы өкілінің сөзінше, Ирак әскері "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларын Фаллуджа қаласының үштен бірінен ғана ығыстырып шығарған.

ИМ-ге қарсы халықаралық коалицияның баспасөз хатшысы Кристофер Гравердің мәлімдеуінше, азат етілген территорияның көп бөлігі қаланың оңтүстік бөлігінде, операция қаланың орталығына қарай ауысып барады. Бұған дейін Ирак билігі ИМ содырлары қаланың көп бөлігінен ығыстырылғанын хабарлаған еді.

Ирак әскері 17 маусымда Фаллуджаның орталығына жылжып, үкіметтік мекемелерге бақылау орнатқан. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади қаланың көп бөлігі қайтарылғанын айтып, қарсыласқан содырлардың көзі бірнеше сағатта жойылатынына уәде берген. Бірақ қаланың солтүстік бөлігінде қақтығыс әлі жалғасып жатыр.

Бағдадтан 50 километр қашықтықтағы Фаллуджа 2014 жылдың ортасынан бері ИМ бақылауында болды.

XS
SM
MD
LG