Accessibility links

Ақтөбеде "Арлан" командирі орынбасарының ұсталғаны хабарланды


Ақтөбеде атыс болған маңда жүрген полицейлер (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде атыс болған маңда жүрген полицейлер (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің "Арлан" арнайы жасағы командирінің орынбасары Кенжеғали Бүркітов "мұнай ұрлауға қатысы бар" деген күдікпен қамалды деп хабарлады жергілікті "Диапазон" сайты.

Бүркітовке қатысты іс қозғалғанын Азаттыққа облыстық прокуратураның аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев растады. Ол "Бүркітовтің үстінен іс қозғалғанынан хабардар" екенін растап, басқа ақпарат бере алмайтынын айтты.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Бүркітовтің ұсталғанына қатысты ақпарат алу мүмкін болмай тұр.

"Диапазон" сайтының тергеу материалдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Кенжеғали Бүркітов бірнеше адаммен бірігіп 2013 жылдың ортасынан 2016 жылдың сәуіріне дейін облыс аумағында "мұнай ұрлап, сату әрекетін ұйымдастырумен айналысқан".

XS
SM
MD
LG