Accessibility links

Нығматулин мәжіліс төрағасы болды


Нұрлан Нығматулин.
Нұрлан Нығматулин.

Парламент мәжілісінің төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды.

21 маусымға дейін президент әкімшілігінің жетекшісі болған Нығматулин кеше ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған Роман Склярдің орнына депутаттық мандатты иеленген. Түстен кейін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" фракциясы жиынында Нығматулинді мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынғаны хабарланған.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, пленарлық отырыста Нығматулиннің кандидатурасын дауыс берген 102 депутаттың түгелі қолдаған.

Депутаттар пленарлық отырыста сонымен қатар мәжіліс төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің отставкаға кету туралы өтінішін де қолдаған. Ізмұхамбетов кеше республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланған.

53 жастағы Нұрлан Нығматулин президент әкімшілігін 2015 жылдың мамырынан басқарған. Бұған дейін ол мәжіліс спикері, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған. Нығматулин бұрын Қарағанды облысының әкімі, транспорт және коммуникация вице-министрі болған.

XS
SM
MD
LG