Accessibility links

Қарағанды облысының Еркіндік ауылында карантин жарияланды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында карантин жарияланды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Ауылға кіру және шығуға шектеу қойылған.

Бұл ауылдан бірер күн бұрын сегіз адам сібір жарасы індетін жұқтырды деген күдікпен инфекциялық ауруханаға түскен. Кеше олардың екеуі ауруханада көз жұмғаны хабарланған. Науқастардың сібір жарасын жұқтырғаны әзірге зертханалық тексеруде расталған жоқ. Жегілікті биліктің хабарлауынша, Еркіндік ауылының тұрғыны ветеринарлық дәрігерге ескертпей мал сойып, етін көршілеріне сатқан. Дәрігерлер ауыл тұрғындары індетті малды сойған кезде жұқтыруы мүмкін дейді.

Кеше Қарағанды тұрғындарына WhatsApp мобильдік мессенджері арқылы "тұрғындардың сібір жарасын жұқтыруына" байланысты ауыз судың хлорланатыны туралы хабарлама түсе бастаған. Қаланың ауыз сумен қамтамасыз ететін "Қарағанды су" компаниясы "сібір жарасы індетіне байланысты" су мен су құбырларының дехинфекцияланатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Компания су құбырлары жүйесін дезинфекциялау жоспарлы түрде жыл сайын алдын алу мақсатында жүргізілетінін айтады.

XS
SM
MD
LG