Accessibility links

Тәжік шенеуніктеріне президентке ант беруді ұсынды


Тәжікстан парламенті отырысы (Көрнекі сурет).

Тәжікстан парламенті отырысы (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда үкімет мүшелерін қызметіне кірісерде президентке, ал парламент депутаттарын халыққа адал қызмет етуге ант беруді ұсынды.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, бүгін парламент үкімет туралы және депутаттардың құқықтық мәртебесі туралы заңдарға түзетулер енгізуді мақұлдады. Парламенттің төменгі палатасының спикері Шукурджон Зухуров ант беру жобасын президент Эмомали Рахмон ұсынғанын айтты.

Парламент депутаты Мавзуна Шарофиддинова ант беру туралы заң жобасын таныстыру кезінде ант қабылдаудың мақсаты "үкімет мүшелерінің жауапкершілігін арттырып, қызметін жақсарту" екенін айтты. Заң жобасы оған президент қол қойып, ресми басылымда жарияланған соң күшіне енеді.

Тәжік редакциясына түскен үкімет мүшелерінің ант қабылдау мәтінінде шенеуніктердің "ұлт пен мемлекет мүддесін барлығынан жоғары қойып, барлық күші мен білімін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсайтыны және оған адал қызмет ететіні" айтылған.

Тәжік қоғамында ант берудің мәні жоғары, себебі антта айтылған сөздер көбірек сенім тудырады.

XS
SM
MD
LG