Accessibility links

Бестөбедегі атысқа екі күдікті қамалды


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Көкшетау соты Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" компаниясының шахтасында болған атысқа күдікті екі адамды екі айға қамауға алуға ордер берді. Жеке күзет қызметінің екі қызметкері өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамалған.

16 маусымда Бестөбедегі "Новая" шахтасында жұмысшылар жеке күзет агенттігінің қызметкерлерімен төбелесіп қалған. Қақтығыс кезінде күзетшілер қызметтік бытыра мылтығын қолданған. Полицияның мәліметінше, оқиғадан оннан астам адам зардап шегіп, үш жұмысшы бытыра тиіп ауруханаға түскен.

Степногорск қаласының әкімдігі бүгін Бестөбедегі жанжалды "әлеуметтік астары жоқ ішкі қақтығыс" деп атаған. Әкімдіктің мәлімдеуінше, оқиғадан 17 адам зардап шеккен.

Ақмола облыстық ішкі істер департаменті бұған дейін қақтығыс жұмысшылардың күзетшілерге заттарын тексеруге көрсетуден бас тартуынан шықты деген.

Бестөбедегі алтын кеніші "Қазақалтын" компаниясына қарайды. Кеніш Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 200 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG