Accessibility links

Ақтөбе облыстық сот төрағасы ауысты


Ақтөбедегі сот ғимараты. Көрнекі сурет.

Ақтөбедегі сот ғимараты. Көрнекі сурет.

22 маусым күні Ақтөбе облыстық сотының төрағасы ауысты. Қазақстанның жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми жаңа төраға ретінде сот ұжымына Мұратқали Әкетайды таныстырды. Ал осы кезге дейін Ақтөбе сотына төрағалық еткен Ерлан Айтжанов "бес жылдық мерзімінің аяқталуына орай" енді Солтүстік Қазақстан облыстық сотына төрағалық етпек.

- Ақтөбе- стратегиялық облыс. Соңғы оқиғалардан соң өңірдің әлеуметтік-саяси жағдайы ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отыр. Бұрынғы төрағаның жетістіктері көп болды. Облыстық соттың үстінен түскен арыз-шағымдар да аз емес. Осыны ескеріп, Ерлан Айтжановты көлемі кішілеу СҚО лайық деп тауып, президент жарлығымен Мұратқали Әкетайды тағайындап отырмыз, - деді Қайрат Мәми.

Жаңа басшыны құттықтаған ақтөбелік әріптестерінің бірі «Облыста ыңғайсыз жағдайлар болғаны рас. Бірақ одан қорқатын ештеңесі жоқ. 2009 жылдан бері біз солармен (экстремистер - ред.) айқасып келеміз" деді.

Ақтөбеге келмес бұрын СҚО сотына жетекшілік еткен Мұратқали Әкетайдың жасы 47-де. Ол түрлі деңгейдегі соттарда төраға болып, прокуратура саласында да еңбек еткен. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми оған «өңірдегі тұрақтылық пен заңдылықты одан әрі нығайтуды» тапсырды.

XS
SM
MD
LG