Accessibility links

Қырғыз парламенті БАҚ туралы даулы заңды жақтады


Қырғыз депутаттары БАҚ туралы заңды қарап отыр. Көрнекі сурет
Қырғыз депутаттары БАҚ туралы заңды қарап отыр. Көрнекі сурет

Қырғызстан парламенті шетелдік тұлғалар мен ұйымдарды осы елде ақпарат құралын иемдену құқығынан айыратын заң жобасын алғашқы тыңдауда мақұлдады. Заң жобасына сәйкес шет мемлекеттер қаржыландыратын БАҚ-тарға тыйым салынбақшы. 22 маусым күні жобаны жақтап 79 депутат, қарсы 30 депутат дауыс берді.

Егер заң жобасы тағы екі оқылымда қатар мақұлданса, бекітілу үшін президенттің алдына түседі.

Жергілікті азаматтық қоғам белсенділері бұл заңды ұсынушылардың негізгі мақсаты Азаттық радиосының Қырғыз қызметін жабу екенін айтады. Қырғызстандағы Азаттық радиосы ондаған жылдар бойы тәуелсіз ақпарат құралы ретінде танылып, тіпті осы елдегі мемлекеттік телеарна арқылы да хабар таратып келген.

XS
SM
MD
LG