Accessibility links

Сирияда "өзбек командирі қаза тапқан"


Сириядағы өзбек джихадшылар. Көрнекі сурет
Сириядағы өзбек джихадшылар. Көрнекі сурет

BBC-дің Өзбек қызметі жергілікті телеарналарға сілтеме жасай отырып, Сириядағы Идлиб қаласында "Джабхат Әл-Нусра" тобының командирі Әбу Бәкір Әл-Өзбекидің қаза тапқанын хабарлады.

Шиит телеарналары таратқан ақпаратқа сәйкес әл-Өзбеки сенбі күні Идлибтегі "Джабхат Ан-Нусра" тобының кеңсесіне жақын жерге қойылған көлік ішіндегі бомба жарылысынан мерт болған. Телеарналар әл-Өзбекиді Сирия оппозициясымен тізе қосып соғысып келген "ардагер джихадшы" деп атайды.

Оның өлімі туралы мәліметті "Ферганская правда" атты ақпарат құралы да таратты. Әбу Бәкір әл-Өзбекидің өз есімі белгісіз. Оның өлімін тәуелсіз ақпарат көздері арқылы растау мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG